Стихи Абая

Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті- басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы үскірік , аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас  қатындар жыртылған жамайды үйін
Жазғытұрым
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Жаз
Жазды күн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
Шұрқырап жатқан жаылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек ,қаз
Ұшып тұрса сымпылдап

Комментариев нет:

Отправить комментарий